Карантиннен қашқан адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиннен қашқан адам ұсталды

17.03.2020

Түркістан облысында қауіпті індет жұқтыруы мүмкін деген күдікпен оқшауланған тұрғын ауруханадан қашып кетті. Ветьнам елінде жұмыс істеп жүрген ол наурыздың 10 күні Мәскеу арқылы Алматыға ұшып келген. Тап сол рейстегі бір жолаушының ағзасынан коронАвирус белгілері анықталғандықтан әлгі азамат Қазығұрт ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Дереу іздеуге кіріскен полиция қызметкерлері оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тауып алды. Сондай-ақ, Германияның Франкфурт қаласынан ұшып келген жолаушылардың бірі Қызылордада карантинге жатқызылды. Сербиялық азамат осы өңірде жұмыс істеген.Ол 9-шы наурыз күні алғашқы коронавирус жұқтырған науқаспен бірге ұшақта болған. Қызылордаға келген бойда оқшауландырылып, медициналық тексеруден өтті. Сынамадан індеттің белгілері анықталмады. Бірақ 14 күнге дейін карантинде болады.

Бейнегүл АБАУОВА


Хабарламаларға жазылу