Еуропа COVID-19 пандемиясының жаңа ошағына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа COVID-19 пандемиясының жаңа ошағына айналды

16.03.2020

Италия бір тәуліктегі коронавиус құрбандарының саны бойынша алдыңғы орынға шықты. Мұнда соңғы 24 сағатта 368 адам көз жұмған. Ал қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 25 мыңға жетіп қалды. Вирус Еуропа елдеріне түгел тарап, шекаралар жабылып, оған қарсы күрес күшейтіліп жатыр.

Ұлыбритания 70-тен асқан қариялардың барлығын 4 айға дейін оқшауламақ. Себебі коронавирус егде жастағы адамдар үшін аса қауіпті.

Қытай мамандарының болжамынша, коронавирус ағзада 5 аптаға дейін өмір сүре алады. Бұл уақытта ауру симптомдары байқалмаса да, оны жұқтырған адам вирус тасымалдаушы болуы мүмкін. Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде инфекцияны жұқтырғандар саны 170 мыңға жетіп қалды. Пандемияға байланысты, аса қауіпті елдер көшін бастаған Қытай бұл сана Иран, Испания шықты. 


Хабарламаларға жазылу