ДДCҰ коронавирусты пандемия деп жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДCҰ коронавирусты пандемия деп жариялады

12.03.2020
ДДCҰ коронавирусты пандемия деп жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Пандемия – аурудың әлем бойынша белең алуы. Ал эпидемия – аурудың бір өңірде кенеттен тарауы.

Әлем бойынша 100-ден аса елден 123 824 адам Covid-19 вирусын жұқтырған. 4620-ы көз жұмды. 67 689 адам емделіп, ауруханадан шығарылды.

Гайана мемлекетінде коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Мұны елдің президенті Дэвид Грейнджер мәлімдеді. Індетке таяуда АҚШ-тан келген 52 жастағы тұрғын шалдыққан. 

Сондай-ақ коронавирус Кубаға да жетті. Жұқпалы ауру үш италиялық туристен анықталған. 

Қытайда вирус жұқтырғандардың 77,7 пайызы дертінен айыққан. Өлім-жітім 3,9 пайызды құрайды. Covid-19 жұқтырды деген диагноз қойылғандардың жалпы саны 80 793 болса, оның 62 793-і емделген. 3169ы-ы қайтыс болған. 

ria.ru

Хабарламаларға жазылу