Үкімет басшысы Асқар Мамин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытылы әлеуметтік төлемдерді толық көлемде қамтамасыз етуді және жұмыспен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
«Біздің ортақ міндетіміз – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалатынын атап өткім келеді. Барлық зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы әрі толық көлемде төленеді», — деді А.Мамин.