Коронавирус 100-ден аса елде тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус 100-ден аса елде тарады

09.03.2020
Коронавирус 100-ден аса елде тарады

Коронавирус 100-ден аса елде тарады. Әлемде індет жұқтырғандардың саны 109 мыңнан асты. 3816 адам қайтыс болған. 62 мыңнан астам адам емделіп, ауруханадан шығарылған.

Соңғы тәулікте COVID-2019 вирусы Болгарияда, Коста-Рикада, Молдавияда, Мальдивте, Мальтада, Фарер аралдарында, Француз Гвианасында, Мартиника аралында, Албанияда, Бангладеште тіркелді. 

Нью-Йоркте коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді. АҚШ-та жұқпалы вирусты 400-ден аса адам жұқтырып, 21-і көз жұмған. Өткен тәулікте қауіпті дертті жұқтыру дерегі екі есеге жуық артқандықтан, Нью-Йорк билігі осындай шешім қабылдаған.

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны - 80 735 адам. Оның 3119-ы індеттен қайтыс болды. 

Италияда жұқпалы вирустан көз жұмғандардың саны 366-ға жетті. 7375 адам дертке шалдыққан. 

ria.ru

Хабарламаларға жазылу