Қытайда өршіп тұрған коронавирус 16 мемлекетте тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда өршіп тұрған коронавирус 16 мемлекетте тіркелді

30.01.2020

Қытайда жұмбақ коронавирус барлық аймаққа тарады. Соңғы тәулікте оны тағы 1740-қа жуық адамның жұқтырғаны расталып отыр. Осылайша өкпені қабындыратын жаңа инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 7700-ден асты. Одан 170 адам қайтыс болған. 

Бұл ауру әлемнің 16 мемлекетіне де жетті. 

Коронавирус өткен айда Қытайдың орталығындағы 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласының теңіз өнімдері базарынан тарады. Ол жабайы жануарлар мен өсімдіктерден жұқты деген болжам бар.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тез өршіген эпидемияға байланысты әлемде төтенше жағдай жариялау мәселесін қайта қарайды. Шет мемлекеттер Қытайдағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу