Президент мерекелік демалыс күндердің тәртібін өзгертуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мерекелік демалыс күндердің тәртібін өзгертуді тапсырды

04.03.2020

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. «Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Ал келесі күн дүйсенбі болса, барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс»,-делінген желідегі жазбада.

Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу