Басты Жаңалықтар RES 2026: Су тапшылығы – жаһандық мәселе

RES 2026: Су тапшылығы – жаһандық мәселе

Расында су тапшылығы – тек Орталық Азияның ғана емес, жаһандық деңгейдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Климаттың өзгеруі мен құрғақшылық әлем елдеріне бұрын-соңды болмаған қысым түсіріп отыр. Осы ретте қазір әлемде экожүйелерді қалпына келтіру - дағдарыстан шығудың негізгі жолы ретінде қарастырылуда. Елордада өтіп жатқан экология мәселелеріне арналған өңірлік саммитте арнамызға сұхбат берген Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының директоры Карлос Мануэль Родригес табиғи ресурстарды сақтамай, тұрақты даму мүмкін емес екенін атап өтті.

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

-         Mr. Rodriguez, what is currently the most effective strategic way to solve water scarcity?
-         Мистер Родригес, қазіргі таңда су тапшылығын шешудің ең тиімді стратегиялық жолы қандай? Қандай пікір білдіресіз?

Родригес Карлос Мануэль, Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының директоры:

Жалпы су тапшылығы бұл – бүкіл әлемге ортақ қауіп. Тіпті тропикалық елдердің өзі бұрынғыдай суға бай емес. Сондықтан ең тиімді шешім орманды сақтау, сулы-батпақты алқапты қорғау және су экожүйені қалпына келтіру. Су тапшылығы экономикалық өсімге де үлкен кедергі. Қазір елдер табиғатты қорғауға жеткілікті қаржы бөлмей отыр. Бұл салаға ішкі жалпы өнімнің кемінде жарты пайызы бағытталуы қажет. Қазақстан бұл жолда маңызды қадамдар жасап жатыр. Табиғатты қорғау мен экономикалық дамуды қатар алып жүру – уақыт талабы.


Бөлісу