Су дипломатиясы – күн тәртібінде
Су дипломатиясы күн тәртібіндегі өзекті тақырыптың бірі. Бүгін экосаммит аясындағы панельдік сессиялардің басым бөлігі осы мәселе төңірегінде болмақ. Әр түрлі ұсыныс айтылып жатыр. Әріптесім, Ернұр Медет те талдауларға қатысып, сарапшылардың пікірін тыңдаған еді. Қазір сол алаңнан ақпар таратуға дайын тұр. Ернұр мәселенің түп-тамырып тарқатып айтшы?
Ернұр Медет, тілші:
Иә, Қонысбек! Расында мәселе көп. Мәміле бәреу. Ол су дипломатиясы. Сырдария мен Әмудария сияқты ірі өзендердің деңгейі уақыт өткен сайын төмендеп барады. Ал оның Аралға құятыны мәлім. Осы жағалау маңын мекендеген 5 млн адамның көңілі де өзенмен бірге тасқындап, ағын әлсіресе адамдардың еңсесі бірге түседі. Себебі Тіршілік нәрі азайған сайын Қазақ пен өзбек суармалы жерлеріне алаңдаса, қырғыз бен тәжікке энергетика мәселесі қиын соғып тұр. Су-стратегиялық ресурс. Әрбір адам секілді әрбір мемлекеттің экономикасы сусыз өмір сүре алмайды. Су дипломатиясының нәтижелері туралы жаңа мамандармен тілдескен едік. Сұхбатты эфирге берсек.
Ерен Жангелді, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті су ынтымақтастығы басқармасының бас сарапшысы:
Өткен жылғымен салыстырғанда биылғы жылы Шардара су қоймасының су көлемі өткен жылға қарағанда әлдеқайда жоғары. Шардара су қоймасында толық көлемде су жиналып тұр қазіргі уақытта. Бұл су шаруашылығы дипломатиясы аясында Өзбекстан келісімдердің аясында жүзеге асырылған.
Ернұр Медет, тілші:
Күні кеше жиында сөз алған Президент те ең алдымен трансшекаралық өзендер бассейніндегі суды тиімді пайдалану жүйесін жолға қою үшін көршілес мемлекеттермен ықпалдастыққа мән берген жөн екенін айтты. Қазақстан су ресурстарын рационалды, әділ әрі тең құқылы негізде пайдалану қажет деген ұстанымды жақтайтынын жеткізді. Енді осы ортақ мүдде, ортақ шешім табуға септеседі деп сенеміз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19
Өскемен облысындағы оқушылар халықаралық олимпиадаларда көш бастап тұр
28.08.2026, 20:16
Медицина сапасына енді қоғамдық бақылау күшейеді
28.08.2026, 20:13
Мектеп формасы талабын сақтамағандар айыппұл төлейді
28.08.2026, 20:12