Президент ДДСҰ бас директорымен кездесті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанға деген сенімі артып келеді. Ұйымның бас директоры Президентке елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілгенін растайтын хатты табыстады. Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тедрос Адханом Гебрейесус кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтың қазіргі жай-күйі және келешегін талқылады. Қадірлі мейман Президентке Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11