Франция ауқымды шеруге әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция ауқымды шеруге әзірленіп жатыр

05.12.2019

Парижде қоғамдық көлік тоқтап, мектептер жабылады. Жалпыұлттық демонстрацияларға мыңдаған адам қатысып, президент Эмманюэль Макронның зейнетақы реформасына наразылық білдірмек.

Желтоқсанның 5-і қазірдің өзінде «Қара бейсенбі» аталып отыр. Манифестацияларға байланысты Париждегі 16 метро желісінің 11-і тоқтайды. Сонымен қатар, 10 пойыздың біреуі ғана жолға шықпақ. Осының салдарынан Франция астанасына қатынап жұмыс істейтіндер Парижге жаяу барамыз деп отыр. 

Қарсылық акцияларына байланысты талай кәсіпорынның жұмысы тоқтап, миллиондаған еуро шығын шығады деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу