Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Уәлиханов көшесі жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Уәлиханов көшесі жабылады

06.04.2016
Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Уәлиханов көшесі жабылады

Астанада Уәлиханов көшесінің Абай даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде кәріз жүйелері жартылай ауыстырылып, орташа (ағымдық) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 6-15 сәуір аралығында көшенің аталған бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылады, ал 16 сәуірден 1 мамырға дейін толығымен жабылады.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңде жүргізушілерден қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Хабарламаларға жазылу