Астана әуежайы уақытша жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайы уақытша жабылады

26.07.2015
Астана әуежайы уақытша жабылады

19-25 тамыз аралығында Астана әуежайы жарық-дабыл құрылғыларына қатысты жоспарлы регламентті жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған орай әуежай жергілікті уақытпен 22:00-ден 03:00-ге дейін әуе көліктерін қабылдамайды және ұшырмайды.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, мұндай жұмыстар әуе компаниясына қолайлы уақытта үнемі өткізіліп тұрады.

Тасымалдаушыларға көрсетілген уақыт аралығында әуежайдың жабылу себебі туралы ақпарат таратылды.

Айта кету керек, әуе компаниясы рейстердің кестесіне өзгерту енгізді.

Хабарламаларға жазылу