Мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды

17.03.2020

Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Жұма намазын әркім өз үйінде оқығаны абзал. Бірақ бұл мешіттер жабылады деген сөз емес. Ғибадатханаларда бес уақыт азан шақырылады, алайда намаз мешітте жамағатпен бірге оқылмайды. Сондай-ақ, мешіт жанындағы асханаларда өтетін ас, садақалар, еске алу шаралары уақытша тоқтатылады. Тағы бір ескеретін жайт, жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізген дұрыс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, шақырады.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу