Түркия Сирия әскери күштеріне жасаған шабуыл видеосын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Сирия әскери күштеріне жасаған шабуыл видеосын жариялады

28.02.2020

Түркияның Анадолы ақпарат агенттігі Идлиб провинциясындағы сириялық әскерлерге жасалған шабуылдардың видеосын жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, екі аптаның ішінде түрік әскери күштері Сирия үкіметінің 130-ға жуық әскери техникасынан айырды.

17 күндік шабуылда 55 сириялық танк, 18 бронетранспортер және тағы 21 әскери көлік, 29 гаубиц және үш тікұшақ жойылған, 1,7 мың әскери залалсыздандырылған.

Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акар Хатай аймағына келді. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.

Haber Turk арнасының хабарлауынша, Акар Реджеп Тайып Ердоғанмен болған жиналыстан кейін Хатай аймағына келген. 

Мұның алдында Түркия билігі Сирия әскерімен болған ұрыста 33 сарбаз көз жұмғанын, 36 адам жарақат алғанын мәлімдеген.  ВВС хабарлауынша, жиын алты сағатқа созылған. 



Хабарламаларға жазылу