Басты Жаңалықтар Өмір жасыңызды ұзартқыңыз келсе...

Өмір жасыңызды ұзартқыңыз келсе...

Өмір жасыңызды ұзартқыңыз келсе...

Бостондағы Бигам әйелдер ауруханасының ғалымдары ұзақ өмір сүрудің тиімді жолын атады. Қан қысымын уақытылы өлшеп отыру арқылы адам өмірін 3 жылға ұзартуға болады. Бұл туралы Еуропалық зерттеу агенттігі координациясы хабарлады.  

Зерттеуге 50 жастан асқан тоғыз мың әйел ерікті түрде қатысты. Мұндай жастағы әйелдерде қант диабеті ауруына шалдығу жағдайы көбірек. Сондай-ақ, еріктілер ретінде қан қысымы 130-дан 180-ге дейін көтерілетін әйелдер таңдалған. Олар антигипертинзивтік терапиядан өткен. Оларды екі топқа бөліп, бір топтағылардың қан қысымы 120-ға, екінші топтағылар 140-қа түскен. Ғалымдардың зерттеуінше уақытылы анықтап, ем алу әйелдердің өмірін 6 айдан 3 жылға дейін ұзартқан. Қаншалықты емдік шараларды ерте бастаса, соншалықты ұзақ өмір сүретіні анықталған. 


Бөлісу