Коронавирусқа байланысты елімізде сақтық шаралары күшейтілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты елімізде сақтық шаралары күшейтілуде

26.02.2020

Күн санап өршіген коронивирусқа қарсы ем табуда әлемдік медицина жедел қимылдай алмай отыр. Тек қауіпсіздік шараларын күшейтуден басқа амал жоқ. Бүгін жұқпалы індет тағы үш елде табылды. Осыны ескерген ел билігі сақтық шараларын күшейтпек. 1 наурыздан бастап күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, бұған дейін үш санатқа бөлінген ережелерге өзгерістер енгізілді. Бірінші, жұқпалы індет тараған елдерге әуежай қатынасының саны азаяды, екіншіден, қауіпті елдер қатары артқандықтан, мамандар сол мемлекеттерге шықпауға кеңес береді. Ал, үшінші еліміздегі барлық мекемеге тазалықты қатаң сақтау міндеттелмек.

Санитарлық шараларға келетін болсақ, тұрғындар өз-өздеріне өте ұқыпты болулары керек. Ол үшін бүкіл мемлекеттік мекемелер, ірі компаниялар мен ойын сауық орталықтарындағы жуынатын бөлме, дәретханаларда міндетті түрде сұйық сабын мен қолды құрғататын қағаз сүлгілердің болуы қатаң міндеттеледі.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу