Түркістан облысында дәстүрлі оқу форматына дайындық жұмыстары пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында дәстүрлі оқу форматына дайындық жұмыстары пысықталды

13.08.2021

Елімізде бала саны ең көп саналатын Түркістан облысында дәстүрлі оқу форматына дайындық жұмыстары пысықталды. Мектептерге Ашық жүйесі енгізіліп, санитарлық талаптар күшейтілуде. Жаңа оқу жылында өңірдегі 927 мектепте 516 мыңнан астам бала білім алады. Қауіпсіздік шаралары үшін 175 млн теңгеге санитарлық құрал-жабдықтар сатып алынып, 83 мыңнан астам мұғалім вакцина салдырған. Сала басшыларының айтуынша, әр сыныпқа 25 оқушыдан отырғызылады. Ал, бала саны көп мектептерде екі ауысыммен оқытылады. Сондай-ақ, оқушының үйінде індет жұқтырғандар анықталса, ол бала дереу қашықтан оқуға көшіріледі. Интернеті жоқ ауылдарда да сақтық шаралары қатаң қолға алынбақ.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу