Қытайда 1 миллиард жылдық жасыл балдырлар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 1 миллиард жылдық жасыл балдырлар табылды

26.02.2020
Қытайда 1 миллиард жылдық жасыл балдырлар табылды

Ғалымдар Қытайдан әлемдегі ең көне жасыл балдырларды тапты. Мамандар бұл өсімдіктерді 1 миллиард жыл бұрын өскен дейді. Алайда бұған дейін бұл флора өкілдерінің ежелгі жасы 800 миллион жыл деп есептеліп келген еді. 

Тас боп қалған балдырлар елдің солтүстігінен табылған. Аталған өсімдіктердің көпклеткалы, бөлшектерінің біркелкі емес екені анықталды. 

Көне болса да балдырлар өте жақсы сақталған. Олар хлорофилл мөлшері көп болғандықтан, өзге өсімдіктерден түсінің қанықтығымен ерекшеленеді. 

Жалпы, ғылыми деректерде осы уақытқа дейін 1 млрд жыл бұрын жер бетінде алғашқы өсімдіктер пайда болған деп көрсетілген. Енді бұл өсімдіктер табылғаннан кейін ғалымдар осы теорияларға күмән келтіріп отыр. Демек қарапайым флора өкілдері бұдан ертеректе пайда болуы мүмкін деген болжам бар.

actualnews.org

Хабарламаларға жазылу