Елорда маңында боранда адасып, үсіп қалған азаматтың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңында боранда адасып, үсіп қалған азаматтың денесі табылды

20.02.2020

Ақмола облысында көлігі қар құрсауында қалған 66 жасар азамат көз жұмды. Ол Астана тұрғыны болып шықты. Ол Новокубанка және Белое Озеро ауылдары арасындағы қар құрсауында тұрғаны жайлы ақпарат Шортанды полициясына кеше түскен. Құтқарушылар жедел іздеуге шыққанымен оны дер кезінде таба алмады. Денесі бүгін автокөлігінен 5 шақырым жерден табылды.

Нұр-Сұлтан қаласының өзіне бір күннің ішінде жарты айлық нормадағы қар түскен. Салдарынан екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Бірнеше жолаушы зардап шекті. Қазір елорданың коммуналдық қызметтері үш ауысымда жұмыс істеп жатыр.

Ал Семейде жекеменшік секторды қардан тазартуға қосымша қаржы қажет. Арнайы бөлінген 40 миллион теңге таусылып қалған. Жергілікті билік көктемде тасқын суды болдырмау үшін тағы 100 миллион теңге сұрап отыр.

Шығыс Қазақстанда қалың қар релстерді де басып қалып жатыр. Қарды тазалауға теміржолшылар түгел жұмылдырылды. Олар да тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу