Қытайда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 2118-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 2118-ге жетті

20.02.2020
Қытайда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 2118-ге жетті

Ал коронавирустық инфекция расталған жағдайлар саны 74 057-ден  асты. Оның ішінде, 2 118 адам қайтыс болды. 16 155 адам емделіп, ауруханалардан шығарылды, деп хабарлайды Қытай Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті. 

Сәрсенбіде инфекцияның 74 185 расталған жағдайы тіркелді. Оның 2 004-і қайтыс болды. 14 376 адам сауықтырылды.

Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түріне шалдыққан болуы мүмкін 1 277 жағдай тіркелді. Науқастармен тығыз байланыста болған 12 636 мың адам медициналық бақылауда.

Ал Гонконгта инфекция жұқтырған 65 адам анықталды. Олардың 2-еуі қайтыс болды, 5-еуі қалпына келді. 

Ал Макаода 10 адам дертке шалдықты. Олардың алтауы босатылды. 

Сонымен бірге, Тайваньда да 24 адам вирус жұқтырды . Олардың біреуі қайтыс болды. Ал екеуі сауықтырылды. 


Хабарламаларға жазылу