Биыл елімізде ұлттық халық санағы өтеді. Санақ қазан айының бірінен 30-ына дейін жүргізіледі. Оған бюджеттен 8 миллиард 211 миллион теңге бөлінді. Бұл 2009-жылғы есеп кезіндегі қаржымен салыстарғанда 2 миллиардқа көп. Ол кезде 6 миллиард 500 миллион теңге жұмсалған. Ал биылғы тұрғындарды есепке алу шарасы мәліметті планшетке енгізілуімен ерекшеленбек.
Дәстүр бойынша әр 10 жыл сайын болатын халық санағы бұл жолы бір жылға шегерілді.
Санақ екі кезеңнен тұрады. Әуелі дайындық кезеңі 1-і мен 30-маусым аралығында болады. Бұл кезеңде интервьюерлер үйлерді аралап, онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтайды. Екінші, яғни негізгі кезең 1-і мен 30-қазан аралығы. Ол кезде интернет-сауалнама жүргізіледі.
Ал санақтың желтоқсан айында 4 көрсеткіш бойынша алдын-ала қорытындысы жарияланады: халық саны, жынысы, ұлт және жасына қарай. Қалған көрсеткіштер бойынша нәтиже 2021-жылдың наурызында шығады. Сондай-ақ биылғы санақ жұмысына 32 мыңнан астам адам тартылады. Оларға 80 мың мен 114 мың теңгенің аралығында ақы төленеді. Мамандар бұл жолы ешкім жұмысқа тегін жегілмейтінін айтып отыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ