Қазақстанда келесі халық санағы 2020 жылы жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда келесі халық санағы 2020 жылы жүргізіледі

17.06.2014
Қазақстанда келесі халық санағы 2020 жылы жүргізіледі
Қазақстанда халық санағы 2020 жылы жүргізіледі. Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасыӘлихан Смайылов онлайн-конференция барысында мәлімдеді.
 
Агенттік төрағасының айтуынша, халық санағына дайындық 2015 жылдан бастап жүргізіле бастайды.
 
«Қазақстан БҰҰ-ның ұсынысы бойынша, сондай-ақ, халық санын басқа елдермен салыстыру мақсатында 2020 жылы халық санағын жүргізуді жоспарлап отыр. Агенттік дайындық жұмыстарын 2015 жылдан бастап жүргізе бастайды», деді Ә. Смайылов.
 
Айта кетейік, халықаралық тәжірибе бойынша, халық санағы 10 жылда бір рет жүргізіледі.
 
Агенттіктің мәліметі бойынша, 2014 жылдың 1 мамырында Қазақстандағы халық саны 17 миллион 224 мың 400 адамды құрады.
 

Хабарламаларға жазылу