Қазақстандықтардың 91,6 пайызы халық санағына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 91,6 пайызы халық санағына қатысты

26.10.2021

Қазақстандықтардың 91,6% халық санағына қатысты. Бұл, шамамен, 17 428 058 адам. Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов осылай деді.

Азаматтардың 40,4%-і санақтан онлайн, 51,2%-і оффлайн өтті. Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Халық саны 2 млн 5 мың 496 деп көрсетілген.

Екінші орында - Түркістан облысы, халық санағына 2 млн 32 мың 333 адам қатысты. Үшінші орында - Жамбыл облысы. Санақтан өткендер саны халықтың 98,6%-ін құрайды. Немесе 1 млн 129 мың 863 адам.

Ал санаққа онлайн қатысуда Шығыс Қазақстандық тар белсенділік танытқан,яғни 57,7% тұрғын жаңа форматта өтті. Екінші орында 52,9% көрсеткішпен Қызылорда облысы тұр. Жамбыл облысында тұрғындардың 47,2% халық санағына онлайн қатысты.

Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының жетекшісі:

Санақтан екі тәсіл арқылы өтуге болатынын естеріңізге саламыз. Онлайн санақ ұзартылды. Сондай-ақ интервьюерлер үйлеріңізді аралайды. Халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін. 8-қарашаға дейін нақтылау жұмыстары қарастырылған. Халық санағына ат салысуға баршаңызды шақырамыз.


Қазақстан халық санағы

Хабарламаларға жазылу