Жастар театры «Лифт» психологиялық драмасын сахналап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар театры «Лифт» психологиялық драмасын сахналап жүр

09.02.2020

Астана қаласындағы Жастар театры Сая Қасымбектің «Тексіздер» пьесасының негізінде «Лифт» психологиялық драмасын сахналап жүр.  

Режиссер Бекболат Құрманғожаев айтады: «Лифт негізінде тоқтап қалады. Этаждар арасында тоқтап қалады. Біз оны сот ғимаратының астына түсіріп жібердік. Ал одан қалай шығамыз? Балаларын жетімдер үйіне тастағандарды сотқа беру керек деп келген жетімдер үйінде өскен қыздың талабына қалай жауап береміз?».

Қазына қаржысын оңды-солды шашқан Франция патшайымы Мариа-Антуанеттаның халықтың бір үзім нанға зәру екенін естіп, «аш болса, тоқаш жемей ме?» дегені жайлы аңыз бар. Бұл әрине, әнебір оқиғаға сәйкес сарказм қылып салатын цитата, бұл жерде айтпағымыз - «лифтінің этаждар арасында тоқтап қалуы» тек материалдық жағдайға байланысты ма?

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу