#EREKSHE театры елордалықтарға қойылым ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

#EREKSHE театры елордалықтарға қойылым ұсынды

06.02.2023

Ерекше қажеттілігі бар жандардан құралған #EREKSHE театры елордалықтарға қойылым ұсынды. Жоба авторы - Ұлттық Дельфий комитеті. 

Дархан Рахымжан, тілші:

«Екеуміздің қанымыз бір». Ерекше театры сахналап жатқан бүгінгі қойылымның атауы осындай. Спектаклді көруге ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп отыр. Әлеуметтік драманың көтеретін тақырыбы да өзекті. Қоғамның біз байқай бермейтін бейнесі, ерлік пен адалдық, шыншылдық секілді ізгі қасиеттерді насихаттауға бағытталған.

«Екеуміздің қанымыз бір» спектаклі Редиярд Киплингтің әйгілі «Джунгли кітабы» шығармасының желісімен қойылған. Спектакль еліміздің 20 қаласында көрерменге ұсынылып, театр халықаралық фестивальдерде сәтті өнер көрсетіп жүр.

Ерекше театрының репертуарында үш спектакль бар. «Екеуміздің қанымыз бір» әлеуметтік драмасы. Балаларға арналған өлеңдерден тұратын пантомималық қойылым және «Бұлттардың арғы бетінде» мюзиклі.


Хабарламаларға жазылу