Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр

30.10.2015
Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр
Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр

Атырауда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр. Бір аптаға созылған фестиваль ертең аяқталады.

Фестивалге қатысып жатқан 12 театр белгілі қаламгердің драмалық шығармаларын сахналауда. Фестиваль аясында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Жәңгір хан» қойылымын ұсынса, Атырау театры «Бас» драмасын ұсынды. Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатқан тұста театрлардың тарихы тақырыпқа көптеп баруы көрермендерді қуантып отыр. Рақымжан Отарбаевтың «Жәңгір хан» қойылымын сахналаған Батыс Қазақстан облыстық драма театрының әртістері де, «Бас» драмасын ұсынған атыраулықтардың өнерлері де ерекше болды.

Фестивалге қатысушы өнер ұжымдарының қойылымдарына КСРО Халық артісі Асанәлі Әшімов төрағалық ететін қазылар алқасы баға береді. Қазылар алқасының құрамына сонымен қатар Қазақстанның Халық артісі Есмұхан Обаев және Мәскеудің «Ху-дожественная литература» баспасының бас директоры Григорий Пряхин, Анкарадан Еуразия жазушылар одағының төрағасы, жазушы Якуб Өмероглы, Моңғолиядан Сұраған Рахметұлы, Қырғызстанның Еңбек сіңірген артісі С.Одуракаевтар кіріп отыр.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу