Италияда пойыз апатынан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда пойыз апатынан 2 адам қаза тапты

06.02.2020

Италияда жүрдек пойыз теміржолдан тайып, 2 адам қаза тапты. Олардың екеуі де – экипаж мүшелері. Тағы 30 шақты жолаушы жараланған. 

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:30-да Лоди провинциясында болды. Болонья қаласына бағыт алған «Қызыл жебе» атты пойыз Миланнан 40 шақырымдай ұзаған соң, оның алғашқы екі вагоны рельстен шығып кетіп, аударылып қалған. 

Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір апат себептері анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу