Италияның Турин провинциясындағы пойыз апатынан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Турин провинциясындағы пойыз апатынан 2 адам қаза тапты

24.05.2018

Италияның Турин провинциясында пойыз апатынан 2 адам қаза тауып, тағы 20-сы жараланды. Құрбандардың біреуі - машинист, екіншісі - фура жүргізушісі. Сонымен қатар, жапа шеккен бір жолаушының халі мүшкіл.

«Рейтердің» хабарлауынша, Туриннен Ивреа қаласына бет алған пойыз теміржолда тұрған жүк көлігіне барып соғылған. Соның салдарынан бес вагон рельстен шығып кетті.

Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу