Еуропаға «Киаран» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаға «Киаран» дауылы соққы берді

03.11.2023

Еуропада дүлей дауыл ойран салды. Испания мен Италияда табиғи апаттан 2 адам қаза тапты. Жел сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соғып, қатты нөсер жауған. Ұшақ, пойыз, паром қатынасы тоқтады. Жүздеген мектеп жабылды. Теңізде толқын биіктігі 9 метрге жетуі мүмкін екені ескертілді. «Киаран» дауылынан кейін Ұлыбританияда үздіксіз нөсер жауын жауып, алапат тасқын жүрген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу