Грекияда пойыз апатынан 29 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда пойыз апатынан 29 адам қаза тапты

01.03.2023

Грекияның солтүстігінде екі пойыздың соқтығысуынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. 66 жолаушы жараланған. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Осы оқиғаға байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланды. Апат Лариса қаласы маңында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 350 адам мінген теміржол көлігі жүк таситын пойызды қаққан. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан пойыздардың не себепті бір жолда қозғалғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу