Тағы 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тағы 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

04.02.2020
Тағы 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты 5 өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болжанады. 

4-5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні түнде 15-20 м/с-қа, күндіз 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал. Петропавл қаласында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа артады. 

4 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с-қа жетеді. 

Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. 

4 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетпек. 

Сондай-ақ 4 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа артуы мүмкін. Ақтөбе қаласында тұман сақталады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа күшейеді.

Хабарламаларға жазылу