Басты Жаңалықтар 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі циклон әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерінде жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстікте кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қатты қар жауады. 

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте және оңтүстікте желдін екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа күшейеді, Ақмола облысында желдің екпіні 30 м/с және одан асуы ықтимал. 

Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с-қа жетеді. 

Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа күшейеді, Қарағаңды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с-қа күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде – көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Бөлісу