Грета Тунберг пен Дональд Трамп келісе алмай қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грета Тунберг пен Дональд Трамп келісе алмай қалды

22.01.2020

Давоста өтіп жатқан Әлемдік экономикалық форумда экология белсендісі Грета Тунберг пен АҚШ президенті Дональд Трамп бір-бірімен келісе алмады. 

Швециялық оқушының айтуынша, климаттың мөлшерден тыс жылынуын тоқтату үшін ағаш отырғызу жеткіліксіз. «Біздің үйіміз әлі өртеніп жатыр. Ал, сіздердің әрекетсіздіктеріңіз сол отты қаулатып барады», - дейді жасөспірім. 

Айта кетсек, осы форумда Трамп та сөз сөйлеп, Тунберг тәрізді белсенділердің мәлімдемелерін «пессимизмге» теңеді. Және де ол атмосфераның ластануын тоқтату үшін 1 триллион доллар тал егу бастамасына қосылатынын айтып, делегаттарды мұнай мен газдың экономикалық маңызын ескеруге үндеген. 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу