АҚШ-та республикалық партия атынан президенттік сайлауға қатысатын кандидат анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та республикалық партия атынан президенттік сайлауға қатысатын кандидат анықталды

05.05.2016
АҚШ-та республикалық партия атынан президенттік сайлауға қатысатын кандидат анықталды
АҚШ-та республикалық партия атынан президенттік сайлауға қатысатын кандидат анықталды. Дональд Трамптың Индианадағы жеңісі оның партиялас бәсекелестерінің мысын басты.

Огайо губернаторы Джон Кейсик президенттік тартыстан шығып қалды. Бұған дейін Техас сенаторы Тед Круз саяси күрестен бас тартқан болатын.

Енді миллиардер Дональд Трамп демократтар арасында басым түскен Хиллари Клинтонмен президенттік үшін бақ сынасуы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу