Трамп Ақ үйге келген футболшылар үшін 300 бургерге тапсырыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Ақ үйге келген футболшылар үшін 300 бургерге тапсырыс берді

15.01.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп аспаз болуға мәжбүр. Өйткені, үкімет қаржыландырылмағандықтан, оның көмекшілері де мемлекеттік қызметкер ретінде ақысыз демалысқа кеткен.

Трамп Ақ үйге мейман болып келген университеттік клуб футболшылары үшін 300-ден астам гамбургерге тапсырыс берген. Сонымен қатар, ол қонақтарға арнап қуырылған картоп пен пицца да алдырды.

Айта кетсек, Құрама Штаттар үкіметі бүгін 24-ші күн жартылай жабық тұр. Себебі, президент пен Конгресс Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызуға қаржы бөлуге келісе алмағандықтан, федералдық бюджет бекітілмей қалды. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бізде пицца бар. Бізде гамбургер бар. Бізде қуырылған картоп бар. Мұның бәрі - ең қалаулы асымыз. Осылай жалғаса береді деп ойламаймын. Бұл іске араласуымызға үкіметтің жабылуы себепші.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу