Тунберг қазбалы отын өндіруге наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тунберг қазбалы отын өндіруге наразылық білдірді

19.01.2023

Энергетикалық компаниялар қазбалы отынға инвестиция салып, өз пайдасы үшін «адамдарды автобустың астына лақтыруды» жалғастырып жатыр. Мұны Швейцарияның Давосында өтіп жатқан Әлемдік экономикалық форум аясында әйгілі климат белсендісі Грета Тунберг мәлімдеді.

Және де ол бүгін өзге де белсенділерімен бірге Халықаралық энергия агенттігінің басшысы Фатих Биролмен кездесіп, атомосфераға тарап жатқан улы газдың көбеюімен күресті күшейтуге шақырды.

Алайда мұнай және газ өнеркәсібі өкілдерінің айтуынша, дүниежүзі елдері көмірсутегі төмен экономикаға көшіп болғанша, қазбалы отын жаһандық энергетикалық секторда әлі де маңызды рөл ойнай бермек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу