Қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айта алуы тиіс - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айта алуы тиіс - Президент

15.01.2020
Қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айта алуы тиіс - Президент

Қоғам өкілдерінің биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болуы қажет. Ақордада Президенттік кадр резервіне алынған жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«Өздеріңізге мәлім, мен сайлау барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсындым. Ол басты үш қағидаға негізделген. Біріншісі - ашықтық және жариялылық. Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы тиіс»,- деді Мемлекет басшысы. 

Президент «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның нормалары сапалы орындалуы керектігін де баса айтты. 

«Шешім қабылдау кезінде барлық талаптар сақталуы тиіс. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады. Сыбайлас жемқорлыққа барынша қарсы тұру - негізгі мақсаттың бірі. Қоғам өкілдерінің биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабарламаларға жазылу