Жаңаталап тұрғындары ауыз судың азабын тартып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаталап тұрғындары ауыз судың азабын тартып келеді

13.01.2020
Жаңаталап тұрғындары ауыз судың азабын тартып келеді

Шымкент қаласының құрамына енген «Жаңаталап» тұрғын алабында жұртшылық әлі күнге ауыз судың азабын тартып келеді. Бұл аймаққа осыдан 9 жыл бұрын «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза су жүйесі тартылған. Алайда 213 миллион теңгеге атқарылған жұмыс сапасыз болып шықты. Небәрі 72 үй ғана сол кезде тартылған құбырдан су ішіп отыр. Қалған жұрттың біразы есік алдынан құдық қаздырып алған. Көлігі бар тұрғындар өзге жақтан тасып ішеді. Немесе сатып алып тұтынады. Кездесуге келген Мәжіліс депутаттарына тұрғындар осы және өзге де қиындықтарды жайып салды. 25 мыңға тарта халқы бар «Жаңа талапта» жаңадан баспана салу үшін үй іргелік жер алу мүмкін болмай тұр. Ал кезінде ебін тауып жер учаскесін алғандардыкі пайдасыз бос жатыр. Сондай-ақ табиғи газ мәселесіне қатысты да тұрғындардың шағымы көп. Жалғыз газ тарату стансасының аймақтағы 4 мыңға тарта үйге қуаты жетпейді. Сондықтан қосымша станса салу қажет.   

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу