Иранның Ирактағы АҚШ базаларына жасаған зымыран соққыларынан 80 адам қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның Ирактағы АҚШ базаларына жасаған зымыран соққыларынан 80 адам қаза болды

08.01.2020
Иранның Ирактағы АҚШ базаларына жасаған зымыран соққыларынан 80 адам қаза болды

Бұл туралы Иранның «Press TV» телеарнасы хабарлады. «Иранның Ирактағы АҚШ базаларына зымыран соққыларынан 80 адам қайтыс болды», - деп хабарлады арнаның Twitter-дегі хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Иран соғысқа ұмтылмайтынын, зымыран шабуылдары өзін-өзі қорғау құралы екенін жариялаған еді.

Хабарламаларға жазылу