Шабуылдан 80 америкалық сарбаз мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шабуылдан 80 америкалық сарбаз мерт болды

08.01.2020

АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына жасалған шабуылдан кемінде 80 сарбаз мерт болды. Бұл туралы Reuters агенттігі Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлап отыр. Сонымен қатар осы арна операция нәтижесінде бірнеше америкалық дрон мен тікұшақтар да жойылғанын жариялады.

Айта кетсек, қаңтардың 8-не қараған түні Ислам Республикасы Ирактың Айн-әл-Асад және Эрбиль қалаларындағы америкалық екі базаға оннан астам зымыран жіберді. Ресми Тегеран мұны генерал Кассем Сулейманидің өлімі үшін кек алу деп атады. Сонымен қатар Иран егер Вашингтон қарсы әрекеттерге көшетін болса, Құрама Штаттардың осы өңірдегі тағы 100 шақты нысанына соққы беретінін ескертіп отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу