Егіс науқанына жанармай қымбат бағамен беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егіс науқанына жанармай қымбат бағамен беріледі

06.03.2017
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.

Көктемгі егіс науқанына бөлінетін жанармай бағасы былтырғыдан 35 пайызға қымбат болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.

Наурыз айында берілетін 1 литр дизельді отынның бағасы 107 теңге. Былтыр 79 теңге болған. Жалпы, диқандарға наурызда 147 мың тонна, сәуірде 106, мамырда 119, маусымда 2 мың тонна дизельді отын бөлінеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу