Қызылорда облысындағы жер дауы: 2 мың гектар жер халыққа қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы жер дауы: 2 мың гектар жер халыққа қайтарылады

29.03.2022

Қызылорда облысы Түгіскен ауылында жер дауы шешімін тапты. Шаруашылық меншігіндегі 2 мың гектардан астам жер енді үлескерлерге беріледі.

Енді заңға сәйкес құжаттарын рәсімдеуге біршама уақыт керек. Сондай-ақ халық талабымен аудандық жер комиссиясының мүшелері де жаңаратын болды. Ауыл халқымен кездескен Ауыл шаруашылығы министрі диқандармен де кездесіп, көктемгі егіс науқанына әзірлікті көрді. Соңғы жылдардағы су тапшылығына байланысты шаруашылықтар егінді әр тараптандыруға басымдық беруде. Ал мемлекет тарапынан биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға 300 миллиард теңге қаржы бөлінеді. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу