Ақмола облысында егін егу науқаны аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында егін егу науқаны аяқталды

04.06.2019

Көктемгі егіс жұмыстары шамамен 20 күнге созылды. Биыл дәнді дақылдар 4 миллион 334 мың гектар алқапқа себілді. Оның ішінде, 3,5 000 000-нан астамы бидай. Арпа болса 600 мың гектарға жуықтайды. Науқан кезінде диқандарға 65 мың тонна жанармай арзандатылған бағамен жеткізілген. Диқандар енді жаңбыр болғанын тілеп отыр. Облыстағы алқаптар жыл сайын әртараптандырылуда. Майлы дақылдарға бет бұрған шаруашылықтар көбейіп келеді. Биылғы егіс науқанының бір ерекшелігі – сояның көп егілуі.

Димаш Таласбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Диқандар дәнді және дәнді бұршақ дақылдарды егуді бітірді. Биылғы көктемгі егіс жұмыстары сәтті өтті деп айтуға болады. Ауа райы қолайлы болды. Тұқым, жанармай-жағармай бойынша ешқандай мәселелер туындаған жоқ. Бір-екі күнде көп және бір жылдық шөптерді, майлы дақылдарды егу жұмыстарын да аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Хабарламаларға жазылу