АҚШ-та қалың тұманнан 69 көлік соқтығысып, 51 адам жараланды
АҚШ-тың Вирджиния штатында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Ричмонд қаласының маңындағы көпірлі тас жолда 69 машина соқтығысып, 51 адам жараланды. «Олардың екеуі ауыр халде, тағы 11-нің жарақаты күрделі, дегенмен өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді дәрігерлер.
Апатқа қолайсыз ауа райы мен тайғақ жол себепші. Қалың тұманнан көпірде жүргізушілер жолдағы қозғалысты байқамай, көліктер бір-бірін қаққан. Көп ұзамай жолдың екінші жағында да дәл осындай апат болған. Осының салдарынан көпірдің екі бағыты бірнеше сағатқа жабылды.
Мамандардың айтуынша, қыспақта қалған көліктерден зардап шеккендерді шығарып алу қиындық тудырған. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09