Басты Жаңалықтар Қазақстанда алимент төлеуге арналған жеке әлеуметтік қор құрылады

Қазақстанда алимент төлеуге арналған жеке әлеуметтік қор құрылады

Қазақстанда алимент төлеуге арналған жеке әлеуметтік қор құрылады

Қор республикалық палата мүшелерінің жарнасы мен ерікті ақша салымдары есебінен қаржыландырылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

«Қордың негізгі мақсаты – қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалған азаматтарға көмек көрсету. Қор бюджеті республикалық палата мүшелерінің мүшелік жарнасы мен ерікті ақша салымдарынан қалыптасады. Сондықтан қор қаражатына лимит болады. Бұл әзірге пилоттық жоба», - деді министр.

Сондай-ақ, Марат Бекетаев жиында министрліктің алимент өндіріп алу ісіне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Оның айтуынша, ведомствоға түсетін арыз-шағымның тең жартысы осы санаттағы істерге қатысты. Бұл мәселені шешу үшін министрлік «Алимент өндіріп алудың тиімді жүйесін құру жөніндегі 30 қадам» атты іс-шаралар жоспарын бекіткен.


Бөлісу