Метро құрылысы кезіндегі апаттан 5 адам қаза тапты
Өзбекстан
астанасы Ташкентте метро құрылысы
кезіндегі апаттан 5 адам қаза тапты.
Толассыз жауған жауыннан құрылыс
алаңында топырақ опырылып, жұмысшылар
шұңқырға құлап кеткен.
Оқиға кеше жергілікті уақытпен таңғы 10-дар шамасында болды. Юнусабад метро желісінде қолайсыз ауа райынан 250 текше метр жер түсіп кеткен. Мамандар бірнеше сағат бойы ордың суын құрғатып, үйінді астынан мәйіттерді шығарды. Олардың ең жасы небәрі 20-да.
Қазір оқиға бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Бұл істі ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов өз бақылауына алған.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09