Қазақ театры тарихында тұңғыш рет «Анна Каренина» көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ театры тарихында тұңғыш рет «Анна Каренина» көрерменге жол тартты

28.11.2018

141 жыл бұрын жазылған әлемдік классика. Содан бері «Анна Каренинаның» бейнесі сан түрлі образда сахналанды. Махаббат іздеген әйел тағдыры, қоғамның салқын тұсы, бақытсыз әйелдің өмірмен арпалысы, жанайқайы, бұлыңғыр болашағы, өткен өмірдің естелігі, отбасының шырқын бұзған махаббат.

Лев Толстойдың әйгілі трагедиялық шығармасы әйел жанының күйзелісін сипаттау арқылы әлемдік классикаға айналды. Бүгінге дейін Анна Каренина жайында 30 кинонұсқа жарық көрген. Сондай-ақ, театр мен балет сахнасында әйгілі шығарма түрлі бағытта сахналанды.

Күні кеше қазақ театры тарихында «Анна Каренина» тұңғыш рет көрерменге жол тартты.

Лев Толстойдың бұл романын алғаш рет қазақша сөйлеткен Ғали Орманов еді. Ал, 2012 жылы Абай атындағы опера және балет театрында сахналанды. Бүгін шығарма Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында көрерменге жол тартпақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу