Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастаны тұңғыш рет сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастаны тұңғыш рет сахналанды

24.11.2017

Ақтөбенің Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртістері тарихи қойылымды асқан шеберлікпен ойнап шықты. Көрерменнің оң бағасын алды. Премьера 1,5 сағатқа созылды. «Нарқыз» - қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған, идеясы анық, көркемдігі жоғары шығарма. Тарихи драмада Кіші жүзден шыққан парасатты әрі өр мінезді Нарқыз есімді батыр қыздың ерлігі көрсетіледі. Орта жүздің қол бастаған жас нояны Нияздың тапқырлығы да көпшіліктің көңілінен шықты. Пьеса қос ғашықтың баянды махаббатынан сыр шертеді. Басты рөлдерді театрдың жас әртістері Әсем Құсайынова мен Жасұлан Симонов сомдады. Пьесаны «Нарқыз» дастанының желісі бойынша Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат жазды. Қоюшы режиссері - Елтай Кемал. 

Елтай Кемал, қоюшы режиссер:

- Әрине, сын да бар. Дегенмен, Нарқызды жастар ойнамағанда, кім ойнайды. Сондықтан, талпыныс болсын, пайдасы бар дүние болсын дедік. Спектакльдің қойылу формасы да өзгеше. Дастан болғандықтан, батыстың мінезіне сай төкпе жырмен өрнектелді.

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу