Мемлекеттік қуыршақ театрында Шекспирдің «Romeo & Juliet» трагедиясы көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қуыршақ театрында Шекспирдің «Romeo & Juliet» трагедиясы көрсетілді

30.01.2019

Мемлекеттік қуыршақ театры біраз уақыттан бері әлемдік классика туындыларының кейіпкерлерін қуыршақтар бейнесінде сөйлету арқылы ұлттық театр өнеріне жаңа бір леп әкелгендей.

Көрерменге көрсетілген Шекспирдің «Romeo & Juliet» трагедиясы - ерекше сахналанған қойылым. Шекспирдің әйгілі шығармасы әлем театрларының репертуарларынан орын алған. Сондай-ақ, қазақ сахнасында да сән мәрте қойылған. Әр режиссер туындыны өзінше қабылдап, алуан түрлі шешімде сахналайды. Трагедия қуыршақ театрының сахнасында тұңғыш рет қойылып отыр. Режиссері Дина Жұмабай. Қойылымдағы басты кейіпкерлерді сахналау үшін жас өнерпаздар Шоқан Құлназаров, Амангелдіұлы Ғалым мен Төребай Салтанат бекітілді.

Спектакльдің ерекшелігі – бір әртіс бірнеше рөлді қатар алып жүреді. Өзгеше бағыт, тың көзқараспен қойылған спектакль көрерменнің көңілінен шықты.

Биыл - жастар жылы. Оларға түрлі салада өз мүмкіндіктерін көрсетуге қашан да жол ашық. Жас режиссер Дина Жұмабайдың шығармашылық көзқарастары мен ұстанған бағытына Мемлекеттік қуыршақ театрының басшылығы қолдау көрсетіп келеді.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу